Атырауда монополист компанияға айыппұл салынды
Атырау мұнай өңдеу зауытына қарасты мекемеге монополиялық жағдайды асыра пайдаланғаны үшін 485 миллион теңге айыппұл салынды.
"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Атырау көлік прокуратурасы бірлесіп тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу кезінде ережені теріс пайдалану фактілерін анықтады. Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент мекемеге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Саят Сейтжан, Атырау көлік прокурорының орынбасары:
- Тексеріс нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен облыстық филиалдың басшылық құрамы еңбек заңнамасы мен көлік құралдарын пайдалаун ережерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік және әкімшілік жауапкершлікке тартылып, 255 теміржолшының конституциялық құқықтары қорғалды.