Шымкентте жұмыссыз азаматтар кәсіптік курста тегін білім алады
Биыл Шымкентте 1600-ден астам жұмыссыз азамат кәсіптік курста тегін білім алады.
Артынша жұмыс та дайын. Тіпті шәкіртақы алады. Қазір ынталы жандарды тіркеу жүріп жатыр. Жұмыссыз азаматтар бір ай бойы теориялық білім алып, кейін арнайы мекемеде екі айлық іс тәжірибеден өтеді. Кәсіпорындар мен мекемелер практикалық білімін жетілдірген азаматтарға жұмыс тауып беруге міндетті. Биыл осы ұлттық жоба аясында шаһар тұрғындарының 33 500-і жұмыспен қамту шараларына тартылады.
Шағдат Әсет, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:
- Қазіргі таңда тігіншіні оқығысы келеді. Кондитер мамандығын оқығысы келеді. Ер азаматтарымыз дәнегерлеуші, автомеханик, автоэлектрик мамандықтарын оқу бойынша сұраныс көп. Қазіргі таңда мыңға жуық өтінімдер жиналды азаматтардан осы мамандықтарды оқимыз деген.