Еліміздің транзиттік әлеуеті артып келеді

Бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, қазіргі таңда Қазақстан аумағы арқылы өтетін тауарлардың көлемі 2,5 есе өскен.

Саланың өркендеуіне «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» да ықпал етті. «Орта дәліз» атанған бағдардың жаңаша серпінмен дамып келе жатқанын Мемлекет басшысы айтқан болатын. Президент бес мемлекетті байланыстыратын жобаның инфроқұрылымын жаңғыртып,  әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуді тапсырды. Себебі бұл дәстүрлі логистикалық тізбек үзілген жағдайда тауар тасымалын жалғастыруға мүмкіндік береді. Дәліз Жетісу облысының Алтынкөл станциясы арқылы өтеді.

Қазақстанның пойыз жолы Қытай Халық Республикасыныкіне қарағанда 8,5 см кең. Екі мемлекет арасындағы темір жолдың бірі-біріне сәйкес келмеуіне байланысты 2015 жылы құрғақ порт салынды. Қазір мұнда 260 тан аса адам еңбек етеді. Олар тәулігіне 850 ге жуық контейнерді тиеп түсіреді.

Құрғақ порттағы құжат айналымы цифрлық технологияға көшірілген. Инновациялық жүйе өзге құрылымдармен бірлесе әрекет етіп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Алмас Рүстембеков, құрғақ порттың өндіріс жөніндегі менеджері:

- Терминал оперейшн систем. Бұл жүйемен бізге жұмыс барысында қағазбен қолданбаймыз. Цифрлық технологиямен жұмыс істейміз. Қазақстан темір жолы компаниясымен, кеден қызметімен, фитосанитарлық кызметімен жұмыс істеуге өте көмегін береді.

Логистикалық компания толық қуатының  60 процентін пайдаланып отыр. Соған қарамастан саладағылар биыл темір жол желісінің тағы онын салмақ. Соның нәтижесінде жылына 540 мың контейнер тасымалдау мүмкіндігі екі есеге көбейеді. Әлеуетті арттыруға «Транскаспий халықаралық бағыты» негіз болып отыр.

Мадияр Омаров, құрғақ порт бас директорының орынбасары:

- Халықаралық транс каспий коридоры бойынша Қытайдан шыққан жүк контейнерлік пойыздары Алтынкөл станциясынан құралып бүкіл Қазақстанның аумағын басып өтіп, Ақтау портында кемелерге жүктеледі де Парсы шығанағы елдеріне Түркия мемлекетіне және Грузия арқылы Еуропа елдеріне барады. Бұрын бір екі пойыз болса, қазір аптасына 5,6 пойыз кетеді.

«Транс каспий халықаралық бағыты» 2015 жылы іске қосылды. Өткен жылы 140 пойыз осы бағытта жүк тасымалдады. Тауар айналымының артуы жалпы көрсеткішке де оң ықпал еткен. Мәселен бес жыл бұрын шығыстан-батысқа 5 млн тонна тауар жіберілсе, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге өскен. 

Ерлан Тәнекеев, Алтынкөл станциясының бөлім басшысы:

- Осыдан бес жылғы уақытпен салыстырғанда жүк айналымы қазір 215 пайызға өскен. Тәулігіне тар табанды жолмен 7-10 пойыз қабылдасақ, бүгінгі күнде 16-18 пойызды құрайды.

Қайрат Ибраев, Алтынкөл станциясы басшысының бірінші орынбасары: 

- Тар жолмен Алтынкөл станциясында 11 жол істеп тұр. Бас жоспарға сәйкес қосымша жеті жол салу жоспарланған. Сонымен қатар терминал салу, сұрыптау паркін салу, кең жолмен пойыздарды қабылдап жөнелту жұмысын жақсартуда қосымша жеке парк салу қарастырылған.

Қытайда өндірілген тауар мұхит арқылы Еуропаға екі айда жетеді. Ал Қазақстан аумағымен он бес күнде барады. Сондықтан біздің ел арқылы тауарын тасымалдауға шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Бұған қоса «Транс каспий халықаралық бағыты» қарқынды дамитын болса, онда еліміздің транзиттік әлеуеті артып, сала жаңа деңгейге көтерілмек.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев