Үкіметте тау-кен металлургиясы саласын дамыту талқыланды
Үкіметте тау-кен металлургия саласын дамыту шаралары талқыланды.
Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте геологиялық барлауға халықаралық стандарттар енгізу жөніндегі жоспарлар қаралды. Кен орындарын игерудің тиімділігін арттыру мен салаға инвестициялар тарту жайы да талқыға түсті. Әлихан Смайылов тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүддесін ескеру қажеттігін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді.