Фермерлер артық ақша алу үшін өңдеген жер аумағын асырып көрсеткен

Колдау.kz арқылы рәсімделген субсидияны бөлуге  қатысты мәліметтер тексеріледі.

Өйткені бұған дейінгі ескі платформамен мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету кезінде сәйкессіздіктер көп анықталған. Кейбір фермерлер өңдеген алқаптарын артығымен енгізіп заңсыз төлемдер алып келген. Бүгінгі күнге дейін осы сияқты 30 дерек анықталды. Ол ғарыштан түсірілген деректермен расталып отыр. Мамандардың айтуынша енді мұндай мәселе туындамайды. Жаңа мемлекеттік жүйеде шаруалар кез келген ыңғайлы уақытта өтінім бере алады. Мақұлданған жағдайда ол "күту парағына" түседі. Және автоматты түрде бөлініп отырады. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. Қазірге дейін 12 мыңнан астам өтінім түсіп, жалпы сомасы 6,1 млрд теңгенің өтінімі  мақұлданған.

Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

- Шаруалар осыған үйренісіп осыған өздерінің өтініштері беріп қаражаттарын алып отыру бірінші мақсат. Екінші мақсат ішіндегі бұрындағы олқылықтарды біз қазір түпкілікті анализ жасап отырмыз. Сол анализдердің нәтижесінде біз әлі көреміз заңды құқық қорғау органдарына жібереміз бе? Қайсысын жібереміз? «Қанша мөлшерде болады?» деген секілді. Мен қазір құқық қорғау органы ретінде мен оған нақты айта алмаймын. Мінеки мына жерде заң бұзушылық бар екен деп. Бірақ біздің пайымызша мына жерде осындай олқылық кеткен сәйкесінше біз оны органдарға жіберуге міндетті боламыз. Ақшаны қайтарасыздар? Оны шешетін біз емес.