Атырауда егіс алқабы ұлғаяды
Биыл мұнайлы өңірде көктемгі дала жұмыстары жылдағыдан 1,5 айға ерте басталды.
Қазірдің өзінде егіс алқаптарында, дән себу ісі басталып кетті. Атырау облысының егіншілері биыл картоп, пияз, қырық-қабат секілді әлеуметтік маңызы бар көкөніс алқаптарын, ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін 3 мың гектар алқап белгіленген.
Атырауда жыл cайын наурыз айында қыс қаһары қайтпай, тіпті сәуірдің өзінде топырақ жылына қоймайтын. Сәйкесінше егіншілер тұқымбақта баптаған көшеттері мен дәндерін мамыр айында егіс алқаптарына шығаратын. Биыл жағдай басқаша. Диқандар дәнді 29 наурыздан бастап еккендіктерін айтады.
Айдос Байниязов, шаруашылық агрономы:
- 3 гектар картоп салдық, 1 гектар морковь, 1 гектарға жуа салдық. Биылғы жоспар сол 150 гектарға егін еккелі отырмыз. Енді қазір алдыңғы егілген егіндердің су қалды, суаратын. Басқасының бәрін: тұқымдарын жерге салып болдық. Қол күші көп керек бізде көшеттен отырғызатын болғасын әрбірін қолмен отырғызып шығамыз.
Махамбет ауданында биыл 4600 гектар егіс алқабы иегрілуі тиіс. Қазір жер жырту жұмыстары қызу қарқын алған. Ол жұмыстар мамыр айына дейін жалғасады. Сондай-ақ ерте пісетін дақылдар да бастап егіле бастады. Күні бүгін аудан бойынша 200 гектар алқапқа дән себіліпті.
Олжас Мырзабаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Және оған қосымша жылыжай бар 5,8 гектар Ағымдағы жылы басымдық әлеуметтік маңызы бар тауарлар ретінде картоп, жуа, қырыққабат соларды 59 гектарға артық еккелі отырмыз өткен жылмен салыстырғанда. Күні бүгін 71 гектарға көкөніс дақылдарының дәні себілді егістік алаңына.
Облыстағы егіс алқаптарының барлығы тамшылатып суару технологиясына негізделген. Биыл Махамбет ауданы бойынша 1570 гектар алқап осы әдісті қолданады. Сондай-ақ биылдан бастап 1064 гектарға жаңбырлатып суару технологиясы әдісін қолдану жеткізу жоспарланып отыр. Бұл суды үнемдей отырып, мол өнім алуға игі ықпал ететін болады.
Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин