Шымкентте екінші мұнай өңдеу зауыты салынады
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру көзделіп отыр.
Оның негізінде 2029 жылы жаңа заманауи зауыт салынады. Бұл туралы бүгін арнамыздың «Экономика» бағдарламасына сұхбат берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Оның сөзіне сүйенсек, жобаға 5 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Бізге мұнай өңдейтін қосымша өндіріс орындары керек. Отандық энергетика саласындағы қуаттылықты арттыру тапсырмасын бүгін премьер-министр қойды. Елдің оңтүстігін дамыту тақырыбы шеңберінде әңгімелестік. Мәселен, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жылдық қуат көлемін тағы 6 млн тоннаға дейін көбейтеміз.