Жыл басынан бері 450 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Жыл басынан бері 450 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды.
Бұндай ақпаратты бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметі бойынша, бұл мақсатқа 70 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұдан бөлек әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы әрбір бала үшін қосымша 1 жарым айлық есептік көрсеткіштен ақша берілді. Бұл шамамен 5 мың теңге. Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек орташа табысы аймақтық күнкөріс деңгейінен 70 пайызға төмен азаматтарға арналған. Қаржылай көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығында электронды үкімет порталы арқылы немесе жергілікті әкімдік арқылы өтініш беру қажет.