Алматы облысында өз кәсібін бастағандар саны көбейіп келеді
Алматы облысында өз кәсібін бастап жатқандардың саны артып келеді.
Өңірде бизнестің өркендеуіне мемлекеттік қайтарымсыз гранттың берілуі де айтарлықтай әсер еткен.
Ауылда бала бағып, үй шаруасынан қолы босамайтын әйелдер де кәсіпкерлікке ден қойып жатқаны қуантады. Солардың бірі Ұзынағаш ауылында тұратын көпбалалы ана. Есенгүл Тілеу тігіншілікпен айналысады. Қазір ісі ілгерілеп, екі адамды жұмысқа тартқан.
Алматы облысында өз кәсібін бастап жатқандардың саны артып келеді. Өңірде бизнестің өркендеуіне мемлекеттік қайтарымсыз гранттың берілуі де айтарлықтай әсер еткен.
Ауылда бала бағып, үй шаруасынан қолы босамайтын әйелдер де кәсіпкерлікке ден қойып жатқаны қуантады. Солардың бірі Ұзынағаш ауылында тұратын көп балалы ана. Есенгүл Тілеу тігіншілікпен айналысады. Қазір ісі ілгерілеп, екі адамды жұмысқа тартқан.
Есенгүл Тілеу шағын ғана шеберханасын өз үйінен ашты. Тігіншілікті екі жыл бұрын үйреніпті. Бастапқыда киім қысқартып, түйме тігу сынды түрлі тапсырыстарды орындап, азын-аулақ пайда жасайды. Содан кәсібін дамытуды ойлап, заманауи тігін машиналарын алғысы келеді. Ол үшін аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы бизнес бастауға берілетін қайтарымсыз қаржыдық қолдауға өтініш береді. Жобасы қолдау табады. Қазір тапсырыспен жастықтың тысын, жиһаз жамылғысын тігеді.
Есенгүл Тілеу, тігінші:
- Ісім алға басты. Міне өстіп үш машинкамды алдым. Қазір Аллаға шүкір менен алып жатқан кәсіпкерлер де бар. «Ізденсе мүмкіндік бар. Қорықпай бастау керек. Өзіне мақсат қойып, сеніп, бастаса мүмкіндік бар. Енді үлкейтіп көптеген жұмыстар алсам деймін тағы.
Биыл Жамбыл ауданында жек кәсіппен айналысатын адам саны он мыңға жетті. Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында 2,5% жеңілдетілген несие беру қарастырылған.
Олжас Тілепбергенов, Жамбыл аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры:
- Жыл басынан бері ауданымызда 230 өтініш түсті. Сол өтініштердің барлығын қарастырып, 15 азамат гранттарын алып кәсіптерін бастады.
Ауданда сауда-саттықпен қатар қызмет көрсету саласының да үлесі басым. Өз бизнесін ашқандар қабілеттерін дамытып жатыр. Қызмет сапалы көрсетілсе тұтынушылар көбейіп, табыс та еселенбек.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев