Өскеменнің тұрақтандыру қоры көкөніске толтырылады

Өскеменде тұрақтандыру қорындағы көкөністер таусылуға жақын. 

Мәселен қоймада  келісі 110 теңгеден сатылған орамжапырақ бітіп қалды. Сондықтан сөреге оның жаңа піскен түрі 170 теңгеден қойылды. Бұл да біршама арзан. Өйткені өзге сауда орындарында алқаптан жаңа келген орамжапырақ 450 теңгеден сатылып жатыр. Енді тұрақтандыру қоры ерте піскен өнімдерді күтіп отыр. Мамандарың айтуынша, жақын арада Тәжікстаннан 500 тоннандан астам көкөніс жеткізіледі. Сөйтіп, жазда да төмен баға сақталады. Жалпы қоймадағы қор «1 қарашадан мамырдың ортасына дейін жетеді»- деп жоспарланған еді. Сол меже орындалды. Негізінен  әлеуметтік дүңгіршіктегі азық-түлік бағасы тұрғындарға қолайлы болып тұр. Мұнда картоп 120, сәбіз 92, ал пияз 110 теңгеден саудаланады.

Нина Байтуева, зейнеткер:

- Былайғы бағамен айырмашылық әжептәуір.Мәселен өсімдік майын басқа жерден алсам 100 теңгеге қымбат шығады. Егер тағы да басқа керек өнімдерді алсам тіпті ақшам да жетпей қалады. Мынадай әлеуметтік баға бізге әсіресе зейнеткерлерге көп-көрім көмек. Сондықтан ылғи осы жерден сауда жасаймын.