Еліміздегі халықтың 5,5 проценті екі жерде жұмыс істейді
Қазақстандықтардың 5,5%-ы екі жұмыс орнында еңбек етеді.
Оның дені жеке қосалқы шаруашылықты да қатар алып жүр. Finprom.kz агенттігінің ақпаратына сай, былтыр елде 9 млн жуық адам жұмыспен қамтылған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2%-ға көп. Ал екі қолға бір күрек тапқан қала тұрғындарының қатары 5 млн дейін артқан. Ал ауылдықтардың саны керісінше 3,5 млн дейін азайған. Отандастарымыздың дені автокөлік жөндеу, сауда, білім және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.