Қазақстанда 5 шақырым инженерлік желі жөнделеді
Елімізде электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуын 20%-ға азайту жоспарланып отыр.
Ол үшін 145 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу қажет. Бұл апаттық жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік береді. Үкіметте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланған жиында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді. Яғни Президент тапсырмасы бойынша әзірленген «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізу арқылы республика бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен өзгерту көзделіп отыр. Нәтижесінде осы жылдың өзінде 5 мың шақырымнан астам инженерлік желіні жөндеу және коммуналдық қызметкерлердің жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызметтерге шығындарын азайту үшін оларды мемлекеттік тұрғын үй көмегі аясында ішінара өтеу көзделген. Осы жылдың басында 17 мың отбасыға 372 млн теңгеден астам тұрғын үй көмегі көрсетілді. Премьер-Министр Мемлекет басшысы саладағы күрделі проблемаларды ескере отырып, елдің тіршілік көзіне қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын айтып өтті. Және алда өткен қыста болған оқыс оқиға қайталанса, сұрауы қатаң болатынын ескертті.