Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 100 млн долларға келісім-шарт жасасты
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 100 млн долларға келісім-шарт жасады.
Шэньси провинциясының Сиань қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы барысында 11 құжатқа қол қойылды. Келісім-шарт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында жасалып отыр.
Дәл осы теміржол арқылы Қазақстаннан астық, ұн және май Қытайдың өңдеуші компанияларына жеткізіледі. Бұл жұмыстар 2015 жылы бастау алды.
Цзя Хэи, ауылшаруашылық өңдеу компаниясының бас директоры:
- Біз Қазақстанға жалпы сомасы 46 млн доллар инвестиция салдық. Қазақстанда 300 мың тонна азық-түлік майын өндіретін ең ірі зауыт салдық. Өндірілген өнімдер өзінің қауіпсіздігімен және экологиялық тазалығымен танымал. Май өнімдері, астық пен ұнды Қытайға жеткіземіз. Барлық өнімдер керемет дәмі мен қоректік қасиеттеріне байланысты біздің тұрғындар арасында танымал.
Қытайлық компания екіжақты іс-шараларға белсенді қатысады. Бүгін оның бас директоры Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясына келген 800 қытай кәсіпкерінің қатарында болды. Ал шараны Сауда және интеграция министрлігі ҚР Сианьдағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Біздің Министрлікте жалпы 20-дан астам түрлі инструменттер бар экспортерлерді қолдау үшін. Сол инструменттердің бірі сауда-экономикалық миссия. Бұл миссияға біз қырықтан астам қазақстандық компанияларды әкеліп, үлкен бір бизнес-форум өткіздік. Сонымен бірге жоғарда көрме өткізіп жатырмыз. Ол жерде Қазақстан және Қытай тауарларын көрсетіп, бизнесмендерді жақындатып жатырмыз.
Миссияға 40-қа жуық қазақстандық компания қатысты. Екі елдің кәсіпкерлері жалпы сомасы 100 миллион доллар тұратын 11 келісім-шартқа қол қойды. Олардың барлығы қазақстандық дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттауға бағытталған.
Қайрат Сұлтанбеков, "Concordia Group" Бас директорының орынбасары:
- Бүгін біз Шэньсидің ауылшаруашылық және азық-түлік компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Біздің ынтымақтастығымыздың мақсаты-халықаралық сауда, импорт және экспортты дамыту. Біз Шэньси компаниясына ұсынатын құралдар, олар, ең алдымен қытайлық және қазақстандық бизнесмендер арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Чэ Дэсинь, Қытай сауда компаниясының өкілі:
- Біз Сианьға, біріншіден, Қытайдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық платформасын ашу үшін келдік. Екіншіден, бүгін сауда-экономикалық миссияда біз 2 келісімшартқа қол қойдық: ол табиғи шырын және макарон өнімдерін өндірушілермен келісім. Біз бұл өнімдерді Қытай нарығына шығарамыз.
Қазақстандық компаниялар қытайлық тұтынушыға 1 млрд доллардан астам сомаға өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының шамамен 135 түрін ұсынуға дайын. Өткен жылы ҚХР-ға қазақстандық экспорт көлемі өсіп, 13 млрд доллардан асты.
Сымбат Ғалымжанқызы, Ботагөз Сырғабаева