Ақтөбеде 100 әйел кәсіптің он түрін тегін меңгерді
Ақтөбеде 100 әйел сұранысқа ие он кәсіп түрін тегін меңгеріп шықты.
Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және жалғызбасты аналарға арналған қысқа мерзімді курс іскер әйелдер кеңесінің бастамасы. Білім курсына қатысу үшін алғашқыда 200-ден астам адам өтініш білдіріпті.Дегенмен, іріктеу кезеңінен тек 100-і сүрінбей өтті. Олар, нан, кондитерлік өнімдерін пісіру, киім-кишек тігу, гипстен бұйымдар жасау, клининг негіздері, мобилография сынды 10 мамандықты меңгерді. Сондай-ақ, екі стартап-жобасы жүзеге асырылып, кәсіп ашуға қолдау көрсетіледі.
Күлбаршын Айдарханова, облыстық іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі:
- Өзіміздің жоспарымызда олардың жұмыстарын қадағалап, ертең бір нәтижеге жеткізу. Бухгалтердің курстарын өткіземіз, кәсіптерін қалай оны үлкейтуді үйретеміз деп айтқым келеді және оларға онлайн болсын, офлайн форматы болсын жылдың аяғына дейін осы проектіні жүргіземіз.