Еуразиялық Одақта азаматтар кредит тарихы туралы ақпарат алмасады
Еуразиялық экономикалық одақ елдері азаматтардың кредит тарихы жайлы мәліметтермен өзара алмасады.
Осыны көздейтін Келісімді сенат мақұлдады. Одақ шеңберінде несие тарихының құрамына кіретін деректермен алмасу трансшекаралық кредиттеуді дамытуға жағдай жасамақ. Айта кетейік, 1 қаңтардағы дерекке сай елде 6 млн 900 мың адам тұтынушылық кредит алған. Несиелердің жалпы сомасы 7 трлн 700 млрд теңгеден асты.