Республикалық бюджеттің жартысы әлеуметтік салаға жұмсалады
Республикалық бюджеттің жартысы әлеуметтік салаға жұмсалады.
Дегенмен, мемлекеттік жәрдемақылардың ашық әрі әділ үлестірілуінде заң бұзушылықтар анықталып жатады. Енді бұл мәселені шілденің 1-інен бастап енгізілетін «Әлеуметтік кодекс» шешуі тиіс. Бұл жөнінде бүгін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жас сарапшылар клубының кезекті отырысында айтылды. Үкімет бұл маңызды жобаны екі жылдай әзірлеген. Көптеген пікірталас, талқылау болды. Жалпы Әлеуметтік Кодекс Парламенттің функцияларын Сенат атқарған кезеңде қабылданған. Сондықтан жоғары палата спикері бұл құжаттың нормаларын жүйелі түрде іске асыруға депутаттар да мүдделі екендігін атады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қазіргі негізгі мақсаттардың бірі бұл енді осы кодексты тиянақты, сапалы жүзеге асыру. Кодекстің енді осындай деңгейге дейін жан-жақты дайындалып, қабылдануына Cенат депутаттары да өздерінің үлкен үлестерін қосты. Біздің депутаттар 500-ге жуық өзгерістерді енгізді кезінде жобаға. Енді олардың барлығы ұсақ-түйек емес, концептуалды өзгерістер болды десек артық болмайтын шығар. Сондықтан осы кодексті ары қарай жүзеге асырылуына біз де енді мүдделіміз.