Ұлттық қор ақшасы халық мүддесіне жұмыс істейді

Ұлттық қордың қаржысы халық мүддесі үшін жұмыс істей бастайды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс қарауына түскен «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасына қатысты осылай пікір білдірді. Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті. Аталған құжат келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аспақ. Ерлан Қарин бұны  Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі екенін атады. Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды, - деп жазды Ерлан Қарин.