Jusan Bank активтері елге қайтарылады
Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізді.
Әділет министрі Азамат Есқараевтың айтуынша, қажетті құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ Jusan Bank отандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастырады. Банк бұрын алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады. Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жалғасуда.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Жусан тобы Қазақстан Үкіметінің бақылауынан шығып қалған. Бірақ биыл құзіретті органдардың іс-әрекетінің арқасында Жусан тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылған және Үкімет және мемлекеттік органдардың бақылауына қайтадан оралған.