Елімізде импортқа тәуелділік төмендейді
Былтыр 36 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды.
Сонымен қатар 7 құс фабрикасы салынды. Мұнда жылына 42 мың тоннаға жуық құс еті өндіріледі. Аталған жобалардың арқасында сүт өнімдерінің импорты 39%-ке дейін, ал құс еті импорты 32%-ке дейін төмендеп отыр. Ал биыл 65 сүт фермасы ашылмақ. Бұл фермалар бір жылда 373 мың тонна сүт береді. Нәтижесінде импортқа тәуелділік 11%-ке дейін төмендейді деп күтілуде.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Мал басын және мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайту үшін биылғы жылы 108 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл шаралар мал басы мен құс санының өсуіне, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде осы салаға салынған инвестиция көлемі ұлғайып, өткен жылы 67%-ке өсіп, 100 млрд теңгеден асты. Мал шаруашылығы саласының әлеуметтік маңызы бар бірқатар өнімдері бойынша импортқа тәуелділік айтарлықтай төмендеді.