Қазақстандағы бизнес өкілдері шетелде тәжірибе жинақтай алады
Қазақстандағы бизнес өкілдері шетелдерде тәжірибе жинақтай алады.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, осындай мүмкіндік ұсынып отыр. Ұйым мамандары, елордадағы іскер азаматтардың басын қосып, мемлекет тарапынан жасалатын қолдауларды түсіндірді. Әсіресе, 2025 жылға дейінгі, ұлттық жоба аясындағы субсидия, несие, грант түріндегі қаржылай және ақпараттық, кеңестік, қызметік түрдегі қаржылай емес, қолдау шаралары жайында,. жан-жақты ақпарат берді.
Астанадағы басқосуға ісін енді бастаған жаңа кәсіпкерлер де, бұрыннан нарықта жүрген әккі бизнесмендер де қатысты. Әрқайсысының мемлекеттік қолдау алуға қатысты өз сұрағы бар. Ашық форматтағы жиынға «Атамекен» палатасының өкілдерінен бөлек бірқатар құзырлы миннистрлік пен қаржы институтының мамандары да келіп, мәселелердің шешу жолын түсіндірді.
Мерей Исаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаменті директорының орынбасары:
- Біздің мақсат осы мемлекеттік қандай қолдау шаралары қамтылған? Кәсіпкерлерге қандай шаралар көрсетіліп жатыр? Сол бойынша толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда ұлттық жобамыз бар кәсіркерлікті дамыту 2025 жылға дейінгі. Ұлттық жоба аясында қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары көрсетілуде. Қаржылай қолдау шараларына субсидиялау, гарантирования және гранттар жатады. Қаржылай емес, ақпараттық қамтамасыз ету қыметтері.
Бизнес әріптестерді табу, франшизаны сатып алу және құрал-жабдыққа қол жеткізу сияқты бағыттар бар. Әсіресе, «Іскер байланыс» деген бағдарламаға қызығушылық жоғары. Өйткені, оның аясында 30-дан аса кәсіпкер Германияда тәжірибеден өтіп, бизнесін дамытуға қатысты білім алып қайтты.
Айдана Тоғызбаева, "Атамекен" ҰКП Департаментінің басқарушы директоры:
- Бұған дейін Германиямен тығыз байланыс орнаттық. Енді дәл осылай биыл Жапониямен де келісім жасасақ деген жоспар бар. Сонымен қатар Оңтүстік Кореямен де сөйлесе бастадық.
Айта кетейік, «Атамекен» палатасының қолдамуымен бүгінге дейін елімізде 5500-ден аса бизнес субъектісі ашылды. 6 мыңға жуық жобаға қолдау жасалды. Ал, ең бастысы, жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 6 500-ге жуықтады.
Аслан Қаженов, Ақылбек Есемсейітов