Суды ысырап ететіндер субсидиядан қағылады
Суды ысырап ететіндер субсидиядан қағылады.
Бұдан былай елде субсидияны тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана алатын болады. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлімдеді. Ведмство басшысының айтуынша, суармалы жерлерді айналымға енгізу маңызды. Себебі бұл көкөніс өнімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі. Министр бұл жұмысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүргізетіндерін айтты. Мәселен, былтыр су үнемдеу технологиялары қолданылатын жерлер 21 мың гектарға ұлғайтылған. Ал биыл мұндай жерлердің аумағын 300 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр.