Елімізде қант бойынша жағдай күрделі
Дайын өнім де, шикізат та тапшы.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев айтты. Депутаттың айтуынша, нарық импортқа тәуелді. Мұндағы отандық өндіріс үлесі 10 пайыздан төмен. Үкімет былтыр саланы дамыту бойынша кешенді жоспар қабылдады. Жалпы сомасы 495 млрд. теңге қарастырылды. Алайда, көрсеткіш кері кетіп отыр.
«Мысалға, егер, 2020 жылы отандық шикізат негізінде ішкі сұраныстың 9 пайызы қамтамасыз етілген болса, ол 2021 жылы – 7 пайызды, ал, 2022 жылы 6 пайызға дейін төмендеді», - деді депутат.