Қазақстан ішкі нарықты өз алмасымен толық қамтамасыз етеді

Келер жылы Қазақстан ішкі нарықты өз алмасымен толық қамтамасыз етеді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ведмство бау-бақша шаруашылығын дамытуда бірқатар бастамаларды қолға алған. Мәселен, 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидиялар енгізілді. Сөйтіп,  алма бақтарының алаңы 30,3 мың гектардан 35,7 мың гектарға дейін өсті. Ал жалпы өнім 157 мың тоннадан 267,9 мың тоннаға дейін ұлғайды. Келер жылы алманың жалпы өнімі 352,5 мың тоннаға дейін жеткізілмек. Сөйтіп, өз алмамыз өзіміздің нарықты толық қамтиды.