Шымкентте тексеру нәтижесінде 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделді

Шымкентте мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 1,4 миллиард  теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Мәселен, 232 мың теңгеге доп, 74 миллионға нан сатып алмақ болғандар бар. Тағы бір мекеме  446  миллион теңгеге «Өзін өзі тану» кабинетін жабдықтамақ болған. Осы тектес тендерді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де жариялаған. Бұл мекеме қорғаныс костюмдерін қымбатқа алмақ болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше бір данасына 700 теңге емес, 6 мың теңгенің  лоты жарияланған. Алайда бұған жол берілген жоқ. Департаментке бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы ұсыныс хат жолданды.

Жандос Жұмабаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Департамент костюмдерді 74 миллион теңгеге сатып алғысы келген. Бірақ біздің ұсынысымыздан кейін оны бір миллион теңгеге сатып алды. Бұл жерде сомалар да, ұйымдар да  әртүрлі болуы мүмкін. Яғни квазимемлекеттік және мемлекеттік сектор болып.