Ел экономикасы 3,3% өскен
Ел экономикасы өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,3%-ға өскен.
Бұл туралы «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты. Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде ел экономикасы сыртқы келеңсіздіктерге бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 27%-ке көбейді. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,1 млн-ға жетті. Қабылданып жатқан шаралар биыл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мол мүмкіндік берді. Соңғы 5 айда жалпы ішкі өнім 4,5%-ке өскен. Мамырда жылдық инфляция 21%-тен 15,9%-ке дейін баяулады. Енді Үкімет жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендетуді көздеп отыр.