Еліміз сұраныссыз қалған мал жүнін жаңа салада қолданады
Елдегі жылыжайларда гидропониканың орнына кәдімгі малдың жүні пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу жұмыстары аяқталса әдіс қолданысқа енгізіледі. Бұл елдімекендерде тау боп үйіліп жатқан төрт-түліктің жүніне деген сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты. Қазір Қазақстанда өндірілетін жүннің 70 пайызы ірі қылшықты. Ол негізінен киіз, пима жасауға қолданылады. Қазір ешкім киіз басып, пима кимейтін болғандықтан сұраныс жоқ. Министрдің сөзінше жаңа тәсіл мәселені біршама шешуге ықпал етеді.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Ірі жүнді пайдалантын болсақ. Негізі сапасы бірдей. Бағасы екі есе төмен. Бірінші кезеңді бітірдік. Сол ғылыми зерттеулерді. Екінші кезең біткеннен кейін оны өндіріске дайындайтын боламыз. Ол өндіріс сәтті өтетін болса біз сұранысқа ие боламыз. Осы жылдың басынан бастап теріні өңдеу және жүнді өңдеу құзіреті Индустрия инфрақұрылым министрлігінен ауыл шаурашылығы министрлігіне көшті. Қазір ережелерге өгеріс енгізіп жатырмыз. Өңдеу зауыттары салынған кезде 25 пайыздық инвестициялық субсидияны төлеу қарастырылып жатыр.