Атырауда улы газды нормадан артық шығарған компанияға айыппұл салынды
Атырауда көмірқышқыл газын нормадан артық шығарған компанияға 7 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.
Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде, экология департаменті «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген еді. Тексеру нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың 20 есеге көбейіп кеткені белгілі болды. Жалпы Атырау облысында қоршаған ортаға улы қалдықтар шығаратын 6 компания бар. Оларға былтыр табиғат қорғау заңнамаларын сақтамағаны үшін 104 млн теңге айыппұл салынған.
Әлібек Мұхаметов, облыстық экология департаментінің басшысы:
- Біз тексеріс нәтижесінде және өздерінің ПЭК бойынша есептерін тексергенде оларда лиммиттен артық шықты. 700 мың текше метрден астам. Әкімшілік сотта қарағанда біз өз тарапымыздан дәлелдедік. Құзырлы мекемелер де қатысты. Сонда 7 млрд 200 млн теңгедей айыппұл салынды соттың шешімімен. 35 мың квартирования субьектінің ал факті бойынша 707 мың текше метр.