Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу кестеге сәйкес жүріп жатыр
Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр.
Науқан аяқталған соң кәсіпорын өндірістік қуаттылығына толық көшеді. Мамандардың мәліметінше, павлодарлық зауыт бірінші жартыжылдықта шамамен 2 млн 772 мың тонна шикізат өңдеді. 790 мың тоннадан астам бензин, 947 мың тоннадан астам дизель шығарды. Ал авиа отын 97 мың 827 тонна көлемінде өндірілді. Қазір ағымдық жөндеу шараларына 1 мың 600-ден астам маман жұмылдырылған.
Дмитрий Макеев, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма басшысының орынбасары:
- Зауыт қайта іске қосылған соң өндірістік режим қалыпқа келеді. Кейін тәулігіне шамамен 5 мың тонна дизель, шамамен алты мың тонна бензин және мың тонна шамасында әуе керосин өндіріледі. Яғни, тұрақты өндірістік қуаттылығына көшеді. Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің маусымдық тапшылығы болмайды.