Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар көбейді

Елде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 36 жарым %-ға дейін артты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгінде салада 2 млн-ға жуық кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанан айтты. Шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандардың саны 18%-ға артып, 4,1 млн адамға жеткен. Ел экономикасындағы жұмыспен қамтылғандардың 40%-ға жуығы осы салада еңбек етеді. Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарында шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий мерзімі аяқталады. Одан кейін мемлекеттік бақылау адамның қатысуынсыз, автоматтандыру механизмі арқылы жүргізіледі. Жыл соңына дейін бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады. Мамандардың айтуынша, бұл заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды төмендетеді. Жалпы елде бизнесті тексеруді 2 есеге қысқарту, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар санын азайту көзделіп отыр.