Жамбылдық шаруалардың басым бөлігі суды заңсыз алып отыр
Жамбылдық шаруалардың дені суды заңсыз алып отыр.
Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында айтылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осының салдарынан каналдардың аяғына су жетпей жатыр. Мәселен, Тасөткел каналының бойында 200-ден астам сорғы тұр. Сонымен қатар, өңірдегі суармалы жерлер туралы нақты мәлімет жоқ. Әкімдіктің дерегінде 181 мың гектар жер көрсетілсе, «Қазсушар» мекемесі тек 93,6 мың гектар жерге су береді. Түркістан облысында да су тапшы. Шардараға 1 млрд текше метр су кем түсті. Осыған байланысты кейбір дақылдардыҢ алқабын кеміту туралы ұсыныс берілген болатын. Алайда күріш, мақта алаңдары айтарлықтай ұлғайып отыр.