Жарықтың жиі сөнуінен «ҚазМұнайГаз» 60 млрд теңге табысынан айырылды

Электр энергиясының жиі сөндірілуі мұнай өндіруші компанияларды қыруар шығынға батырды.

Жыл басынан бері ҚазМұнайГаз кен орындарындағы жарық 150 рет өшірілген. Салдарынан мұнай өндіру бойынша жоспар толық орындалмай қалды. Мамандар электр желілері инфрақұрылымының қатты тозғанын алға тартады. 2,5 жылда Ұлттық компания 60 млрд теңге табысынан қағылды.