Атырау мұнай зауытындағы өндіріс 3 күнде іске қосылады
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өндіріс біртіндеп қалпына келе бастады.
Кәсіпорынға электр қуаты толық берілді. Тоқтап қалған мұнай өңдеу қондырғыларын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Энергоресурстармен қамтамасыз ететін жүйелер іске қосылып, каталитикалық крекинг технологиялық қондырғысы реттелді. Қазір ол айналымда тұр. Ендігі кезекте сутегі шығаратын қондырғыны қалпына келтіру қалды. Ол ертең түске дейін толық жөнделуі тиіс, дейді мамандар.
Әділет Шошаңбасов, Атырау мұнай өңдеу зауытының бас инженері:
- Әрі қарай енді өздеріңіз білесіздер, зауытта 85 пайыз катализатормен байланысты процестер сондықтан қазір сол катализаторлардың барлығы көмірсутегімен қалды сол үшін сутегін алып, реакторлардың бәрін тазалап шығуымыз керек. 1 тәуліктің шамасында негізгі қондырғылрады қосып бастаймыз. Жалпы бәрін қалпына келтіру 2-3 күн уақыт алады.