Ә.Смайылов Атыраудағы зауыттың апатты жағдайдан кейін қалыпқа келтірілуімен танысты
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жұмыс сапары Атырауда жалғасты.
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын апатты жағдайдан кейін қалпына келтіру барысымен танысты. Зауыт басшылығы жеке газ турбиналық электр стансасын салу жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Премьер-Министр зауыт ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі екенін баса айтты. Оның айтуынша, мұндай стратегиялық нысанда тіршілікті қамтамасыз етудің автономды энергия көздері міндетті түрде болуы керек. Төтенше жағдайға қарамастан зауыттан мұнай өнімдерін жөнелту тоқтамаған.