Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы қайта жанданды
Технологиялық қондырғылар іске қосылып, жанар-жағармай өнімдерін шығару қалпына келді.
Мекеменің қоғаммен байланыс бөлімі өкілінің хабарлауынша, кешеден бері зауытта, баяу кокс-теу қондырғысынан басқа желілер, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. "Бұл қондырғы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлеміне әсер етпейді", делінген хабарламада. Айта кетейік, аталған зауыт әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін жөнелтуді тоқтатқан жоқ. Олар резервуарларындағы қор есебінен 1-6 шілде аралығында тұтынушыларға бензин, дизель мен әуе отынын жөнелтіп тұрды. Еске салайық, 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те зауыт электр энергиясының өшіп қалуынан жұмысын тоқтатқан болатын.