Ақтөбеде ауылдың іскер әйелдері бас қосты

24.kz

Батыс өңірдегі төрт облыстан жиналған кәсіпкер қыз-келіншектер ортақ мәселелерді талқылап, шешу жолдарын саралады.

Дәстүрлі форум осымен 6-жыл қатарынан өтіп отыр. Мақсат: ауылдың тұрақты дамуы, нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру, әйелдерді экономикалық белсенділікке баулып, кәсіп ашуға жағдай жасау. Бұл орайда жиналғандардың дені түрлі мемлекеттік бағдарламаларға иек артуға болатындығын айтады. Әсіресе «Ауыл аманатының» шапағаты тұрақты табыс көзіне айналған. Себебі тек Ақтөбе облысының өзінде жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында 6 жарым млрд теңге қаржы игеріліп отыр.

Гүлгүл Сүйінова, Қарғалы ауданының тұрғыны:

- Көп балалы, жалғызбасты анамын. Сондықтан балаларымды аяққа тұрғызу үшін ауылда осындай мүмкіндік беріп жатыр. Осы бағдарлама бойынша үлкен дәрежеге жетуге мақсат қойып жатырмын. Екі жарым процент, бір жыл каникулы бар. Сондықтан үлкен мүмкіндік. Менде енді ірімшік шығару, молочный переработка ғой енді. Ауылдан сүт алып жатырмын.