«АрселорМиттал Теміртау» металлургтер күніне ауқымды мерекелік шара ұйымдастырды
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургтер күніне орай ауқымды мерекелік шара ұйымдастырды.
Өңір өнеркәсібінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін 20 озық өндіріс орнына "Еңбек Даңқы" төсбелгісі табысталды. Сахна төрінен барша теміртаулықтарды отандық эстрада әншілері мен танымал шығармашылық ұжымдар құттықтады. Мереке қарсаныңда нағыз тосынсый болған автокөлік те өз иесін тапты.
Теміртау мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ комбинатының қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Металлургтер күні компанияның әр тұрғыны үшін отбасылық мереке саналады. Бұл күні озат өндірісшілер мен металлургия саласының барша мамандары сый-құрметке бөленді. Үздік 20 қызметкерге "Еңбек Даңқы" ордені табысталды.
Анисья Песчальникова, III дәрежелі "Еңбек даңқы " орденінің иегері:
- Мен бұл күні ерекше қуанышқа бөлендім. Өйткені, мұндай жоғары наградаға ие болатындар өте аз және менің еңбегімді біздің басшылық пен ел Үкіметінің елеп-ескергенін мақтан тұтамын.
Владимир Яблонский, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры:
- Осы комбинаттың іргетасын қалағандар мен елімізге алғашқы металды бергендердің, дағдарыс пен қайта құру кезеңінен өткен және осы кәсіпорынды сақтап қалғандардың және қазір де осы "АрселорМиттал Теміртауда" жұмыс істейтіндердің барлығына ерекше құрметімді білдіргім келеді.
Мерекеге орай комбинат қызметкерлері арасында өткен ұтыс ойынында 49 велосипед өз иелерін тапты. Ал, 50-ші ұтыс иесінің велосипед емес автокөлік алғаны нағыз тосынсый болды. Су жаңа көлік тақымдаған Сая Жакин "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Мерекелік шара барысында әйгілі қазақстандық поп-орындаушылар Sаdraddin мен Мирас Жүгінісов және аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы өнер көрсетті. Кеш соңындағы мерекелік отшау да шара көркін аша түсті...
Талғат Серікқалиұлы