Солтүстікте ауыл халқына арзан несие беріледі
Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 1,8 млрд теңге бөлінді.
Бұл қаржы небәрі екі жарым пайызбен ауыл тұрғындарына ғана беріледі. Өткен айдан өңірде өтінім қабылдау басталды. Әзірге өз алдына кәсіп ашамын деген адамдар мал шаруашылығы, сауда – саттық және жүк тасымалымен айналысуға құлшынып отыр. Олар кепілге мүлкін қойып 8 млн 600 мың теңгеге дейін рәсімдей алады. Шарттары өте тиімді. Тіпті бір-екі жыл каникул да қарастырылған. «Бұл жоба ең алдымен елді мекенде тұратын адамдардың табысын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
Талғат Жұмабеков, "Солтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ бөлімінің басшысы:
- Қазіргі таңда «Солтүстік» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясына 900 млн теңгенің 120 өтініші түсті. Комиссияның шешімі бойынша, оның әрбір үшіншісі мақұлданып, қаржылай қолдау тапты.