Ақтауда 1 тамыздан бастап электр жарығы қымбаттайды
Ақтауда 1 тамыздан бастап электр қуатын тұтыну тарифы өседі.
Мамандардың айтуынша, бұл уақытша амал. Қазір баға 2 теңге 97 тиынды құраса, алдағы айда тұрғындар 3 теңге 80 тиын төлеуі тиіс. Коммуналдық кәсіпорын басшылығы бұдан түсетін қаржының басым бөлігін ескірген электр желілерін жаңалауға жұмсамақ. Қазір қала аумағында электр желілерінің 70%-і тозып тұр. Әсіресе аптап күндері энергожүйеге салмақ түсіп, соның салдарынан шағын аудандарда апатты өшу дерегі жиі тіркеліп отыр.
Әтірбек Махамбетов, қалалық электр желілері басқармасының бас инженері:
- Қазақстан бойынша тозығы жету бойынша қызыл линияда тұрғасын, 6 мың 700 километр кабельді ауыстырсақ, «қызыл зонадан» шығамыз. Ол тек 1 жылға көтеріледі. Осының бағасын шығарып алу үшін осы кабельді ауыстырамыз. Сонда 33 шағын ауданның электр желісі тәуірленеді.