Xinjiang Hualing холдингі елге инвестиция құюға ниетті

Премьер-министр Әлихан Смайылов қытайлық инвесторлармен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында Xinjiang Hualing холдингі Қазақстандағы жобаларға инвестиция құюға дайын екенін жеткізді. Бұл компания, негізінен девелопмент, сауда, ауыл шаруашылығы, логистика және энергетикада жұмыс істейді. Әлихан Смайылов "Аталмыш салалардың барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыт" деп, екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастық құрудың әлеуеті зор екенін айтты. Өз кезегінде Ми Ын Хуа Қазақстанмен келешекте түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Қос тарап ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, Xinjiang Hualing Group – 1988 жылдың шілдесінде құрылған, 20-дан астам еншілес компаниялары бар Қытай аумағындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі.