Үкіметте машина жасау саласын дамыту талқыланды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді.
Құжатты дайындау барысында бизнес өкілдерінің ұсыныстары ескерілген. Оның ішінде отандық өндірушілерді қолдауға және саланы серпілтуге бағытталған 83 іс-шара бар. Негізгі мақсат – машина жасау саласындағы жалпы қосылған құнды 4,5, өндіріс көлемін 2, экспортты 3 және инвестицияны 1,5 есе өсіру көзделіп отыр.