Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда көлемі 3 млрд долларға жеткізілмек
Ауғанстан Орталық Азия елдері ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасауда.
Былтыр екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларына жеткен. Ендігі бұл көрсеткішті 3 млрд-қа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұған осы аптада елордада болатын Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы да өз септігін тигізеді деп күтілуде. Ауқымды шара тамыздың 2-і мен 5 аралығында өтеді. Алғашқы күні қос тараптың кәсіпкерлері өзара кездесулер өткізсе, екінші күні форумның негізгі бөлігі ұйымдастырылады. Ал 4-і мен 5-і күндері Ауғанстан тауарларының көрмесі өтпекші. Онда Оңтүстік Азия елінің негізгі өнімдері - кілем, шафран, жеміс-жидек пен жеңіл өнеркәсіп тауарлары қойылады.
Нұрлан Құлбатыров, "Qaztrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директорының бірінші орынбасары:
- Бұл жаңағы репутациялық деп жаңағы саяси мәнін, астарын іздегенімен сауданың аты сауда. Бұл жерде басты қатысушысы – ол бизнес тарап. Біз сатсақ қару-жарақ сатып жатқан жоқпыз. Біз сатсақ азық-түлік өнімдері. Біздің сауданың да гуманитарлық сипаты бар Яғни 40 млн жуық халқы бар Ауғанстан үшін ол өте маңызды.