Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы
Жүргізушілер бекеттерді аралап, газ іздеп жүр.
Көбінде пропан газы таусылған. Санаулы станцияда талонмен ғана беріліп жатыр. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, облыста 52 мыңнан астам автокөлік газбен жүреді. Ай сайын кемінде 14 мың тонна сұйылтылған газға сұраныс бар. Алайда құзырлы министрлік тарапынан 12 мың тонна ғана бөлінеді екен. Сондықтан мұндай жағдай ай сайын қайталанып отыр -дейді мамандар. Шенеуніктер бұл проблема алдағы 1-2 күн ішінде шешіледі деп сендірді.
Нұртай Сертаев, облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:
- Энергетика министрлігімен Ақтөбе облысына ағымдағы жылдың тамыз айына 12 394 тонна мөлшерде көлем қарастырылған. 1-2 тамыз жағдайы бойынша 3 зауыттан сұйылтылған газ жөнелтілуі 463 тоннаны құраған. Сонымен қатар қазіргі таңда 31 вагон-цистерна тұратын, жалпы көлемі 1116 тонна сұйылтылған газын қалыптастырылған. Ат алған көлем облысқа жақын арада жеткізілетін болады.