Серік Жұманғарин Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрімен кездесті
Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Алхадж Нұриддин Азизимен кездесті.
Жиында біздің тарап, ауғандардан қазақстандық жүктерге арналған тарифтерді төмендету мәселесін қарастыруды сұрады. Себебі ол жеткізілім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қос ел арасындағы тауар айналымының көлемін 1 миллиардтан 3 млрд долларға дейін ұлғайту мақсаты қойылғаны да айтылды. Кездесуде Герат қаласындағы Қазақстан сауда үйінің әлеуетін пайдалануды және біздің елде ауған тарапының сауда өкілдігін ашу ұсынылды. Бұдан бөлек білім беру бағытында да ынтымақтастық артады. Қазір Ауғанстанның 130 азаматы Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқиды. Жыл сайын оқуға 30 адам қабылданады.