Шемонаиха ауданында қоқыс шығару тарифі қымбаттайды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында қоқыс шығару тарифы 30 процентке артады.
Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, бұған жанар-жағармай мен электр қуатының қымбаттауы себеп болған. Ал қайта өңдеуге жарамды шикізатты қабылдау қызметі керісінше арзандап кеткен. Көкшетау қаласындағы сұрыптау зауыты макулатура мен пластикті қабылдау бағасын екі есеге дейін төмендетіп жіберген. Қоқыс шығару тарифы бір жыл бұрын облыс орталығында да өскен болатын.
Архат Максұтбеков, қоқыс сұрыптау компаниясының директоры:
- Ауданда құрылыс материалдарын қайта өңдеуге жеткізетін кәсіпорындар жоқ. Ал қалдықтарды өзге жерлерден тасымалдаудың шығыны көп. Сондықтан мәселені шешу қиын болып тұр.
Бақытжан Молдаханов, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары:
- Мәселелердің бірі ол халықтан жиналып жатқан қоқыс бар. Оны шығару және қатты қалдықтар бар. Оны жинап, сұрыптау және әрі қарай өндірушілерге сату. Соны жүзеге асыру мақсатында ауданымызда нормаларды қарастырып жатырмыз. Адам басына жиналатын нормаларды және тарияті көтеру мәселесі қарастырылуда.