Кредитін өтей алмаған борышкер ісі коллекторға бірден жіберілмейтін болады
Банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкердің қарызынан құтылуына көмектесуі тиіс.
Парламент депутаттары бастамашы болған өзгертулер мен толықтырулар Әділет министрлігі жанындағы заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Қаржы ұйымдары қазіргідей борышкердің ісін бірден коллектордың қолына тапсырмайды. Қарызын өтеуі үшін бір жарым жыл уақыт береді. Және проблемаға қатысты тиімді шарттар ұсынуы қажет. Егер көрсетілген мерзімде қарыз өтелмесе, несие коллекторлық ұйымға өтеді. Жаңа заң жобасы Парламенттің күзгі сессияларында тағы пысықталады.
Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
- Өзгерістердің ең маңыздысы, ол 18 айдың ішінде банк пен микроқаржы ұйымына коллекторлық агенттікке сатудың алдында кредиттерді, жеке тұлғалардың кредиттерін реструктуризация жасау керек. Жалпы сол кредиттердің условияларын жақсарту, ставка вознаграждениясын төмендету, мерзімін ұзарту.
Қазақы бәйге аттары 300-ге жетпейді
Отырыста жануарларды қорғау, спорттық бағыттағы қазақы жылқылардың тұқымын көбейту мақсатында кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу мәселесі қаралды. Мамандардың айтуынша, қазақы бәйге аттары заң тетіктерімен қорғалмаған. Жаңа заңнамада тың жобаларды қолға алып, арнайы қаржы бөлу көзделген.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Біздің асыл тұқымды палатада 268-ақ бас жылқы тіркелген. Өйткені ол жоқтың қасы. Енді сол жоқ болып кетпеуі үшін, жаңағы, жаңағы Қостанай, мысалы, біздің қазақы асыл тұқымды жылқысы бар. Соны әрмен қарай санын өсіру сапасын мақсатында дайындалған.