Түркістан облысында кәріздің суын қайта өңдейтін станция іске қосылды

Түркістан облысы Сайрам ауданында кәріз суын қайта өңдейтін станция іске қосылды. 

Орталықтағы 4 бассейн тәулігіне 3 мың текше метр суды тазалай алады. Нысан құрылысы алты жыл бұрын басталған.

Станцияның құрылысы 6 жыл бұрын аяқталды.. Алайда мердігердің кей  жұмыстары бекітілген талаптарға сай болмағандықтан,  нысан қабылданбапты. Жобаның негізгі мақсаты - Ақсу ауылындағы көпқабатты үйлер мен кәсіпкерлік нысандардан шығатын шайынды суды сүзгіден өткізіп, егістікке таза,  ағын су жеткізіп беру.

Сапаралы Қарсыбаев, мердігер мекеменің директоры:

- 1 айдан бері тоқтаусыз қосып отырмыз. ЖКХ-ға өткізуге мүмкіндік бүгін туды. Ал енді Ақсу елді мекенінен келіп жатқан тұрмыстық суларды қабылдап, бактерияларды өлтіріп, одан шыққан суды фильтрацияға жібереміз. Одан ары қарай егістік алқапқа кететін техникалық су шығады. Барлық аппараттар 24 сағат тоқмамай жұмыс істеп тұр. Енді ЖКХ бізге мамандар беру керек, біз оларды дайындап, оқытып береміз. 

Арман Сәбитов, аудан әкімі:

- Енді біз ай сайын сынамасын алып, бақылап отармыз. Менің жеке бақылауымда болатын нысан болады. Мердігер тарапынан 5 жылдық гарантиясы бар. Егер ақау болған жағдайда оны орнына келтіру бойынша. 6 жылдан бері қосылмаған таразтқыш ғимаратты бүгін қосып, пайдалануға беріп жатырмыз.

Қарабұлақ елді мекенінде 55 мыңнан аса халық тұрады. Ауыл тұрғындарының дені бақша дақылдарын егіп, диқаншылықпен айналысады.

Маратжан Сайдахметов, диқан:

- 3 гектардан астам жеріміз бар. Сол жерге картоп егеміз, пияз егеміз. Біздің Қарабұлақ ауылы диқаншылық, шаруашылықпен айналысады. Бізде су болса, елдің бәрі 3 рет егеді. Шығарған өнімді облысымызға, басқа жерлерге де жеткізіп беруге болады. Сол үшін осы жерден шыққан таза су бізге жәрдем болса, таза су болады деп айтып жатыр. Таза болса, рахмет. Ертең барлығымыз пайдаланамыз. 

Қарабұлақ ауылында 30 мың гектардан астам суармалы жер бар. Бірақ ағын су тапшы. Енді диқандардың барлығы егістікке осы станциядан тазартылып шыққан суды пайдаланатын болады. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Қуаныш Әбуов