Каспий құбыр консорциумының мәселесі талқыланды
Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнайдың көп көлемін жөнелтуге механикалық тұрғыда дайын.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесу барысында консорциумның бас директоры Николай Горбань мәлімдеді. Кездесу барысында консорциум жұмысының өзекті мәселелері қаралды. Бүгінде Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалында мұнай үздіксіз тиеліп, танкерге құю жұмыстары штаттық режимде жүзеге асып жатыр. Тараптар Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 82 млн тонна көмірсутек шикізатына дейін арттыру мәселесін талқылады.