Ақтөбе облысына қосымша автогаз бөлінді
Ақтөбе облысындағы автогаз тапшылығын жою үшін қосымша 1 мың 200 тоннадан астам автогаз бөлінді.
Бұл аймақ қажеттілігін өтеуге жетеді - дейді мамандар. Қазір жағдай тұрақтала бастаған, дегенмен газ құю стансаларының кейбірінде әлі кезек бар. Жауапты мекеме өкілдері мәселе бірер күнде толық шешілетінін айтады. Газ өндіретін үш зауыттан сұйық отын тасымалданып жатыр. Бүгінде 18 вагон автогаз жеткізіліп, стансаларға таратылған. Жалпы өңірге тамызда 12 мың 394 тонна отын бөлінген. Мамандар тапшылық туындамауы үшін қыркүйекке белгіленген отын көлемін де молайтуды жоспарлап отыр.
Нұртай Сертаев, облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:
- Қыркүйек айларына бекітілген бізде уже жоспар бар. Енді министрлік қазір хат жолдаған бізге осы қыркүйек айына түзету енгізу бойынша. Былай қазіргі жоспар бойынша ол 10 500 тоннаны құрайды. Оған қазір сұрап жатырмыз қосымша объемдар қыркүйек айына қосу үшін.