Риддер жылу орталығында маман жетіспейді
Риддер жылу орталығында 100-ден астам энергетик жетіспейді.
Станцияны қысқы маусымға дайындау қазіргі бар кадрлардың күшімен ғана жүріп жатыр. Жылу мекемесінің басшылығы 14 мердігер компания жұмыс істеп жатқанын хабарлады.Орталықтағы жабдықтарды қалыпқа келтіру үшін үкімет қорынан 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.
Риддер жылу электр орталығында нағыз қарбалас.Ас ішіп,аяқ суытуға уақыт жоқ. Жұмысшылар осылай құбыр бойына отыр қалып, ауқаттанады.Өйткені қыс қыр астында. 50 мың тұрғынның пәтеріне жылу беру керек. Орталықтың жағдайы мәз емес. Мұндағы жұмыс барысын жергілікті белсенділер де бақылап жүр. Клавдия Шушаникова жерлестерімен бірге станцияға жиі келеді. Көңілдерінде күдік көп,үміт аз.
Клавдия Шушаникова, Риддер қаласының тұрғыны:
- Көргенімізге көңіліміз толып тұрған жоқ.Іселмей жатқан дүние көп. Тіпті кейбір қарапайым жұмыстарға үлгермей жатыр. Бірақ жауапты сала өкілдері жылу мекемесіне қажетті құрал жабдықтың бәрі жеткізілген, деп сендіріп отыр.
Әзірге сенбеске амал жоқ. Энергетиктер қыркүйектің 20-сына дейін 6 қазандықтың төртеуін іске қоспақ.Ал қарашаға қарай станция толық қуатқа көшеді деп отыр. Құрал жабдыққа ақша бөлініп, 700 тоннадан астам құбыр жеткізілген. Ескірген металл құрылымдардың барлығы ауыстырылады. Тіпті жуықта нысанды мемлекеттік меншікке өткізу мақстанда, инвентаризация басталады. Үкімет қорынан бөлінген 8 миллард теңгенің 3 милларды игерілді.Жөндеу жұмыстары толық аяқталған жағдайда кәсіпорын ары қарай үздіксіз жұмыс істеуі үшін 100 ден аса кадр қажет. Өйткені бұрынғы меншік иесі тұсында мамандар бұл жерден жаппай жұмыстан шығып кеткен.
Игорь Михайленко, "Риддер-ТЭЦ" мекемесінің бас директоры:
- Осы жерде жұмыс істеп содан сң шыдамай шығып кеткен жұмысшылар қайта келер деген үмітіміз бар. Асыға күтіп отырмыз. Тіпті мен өзім әрбіріне қоңырау шалып, жұмысқа шақырып жатырмын. Өйткені каәсіпорынды әрі қарай ұстап тұру үшін кадр керек.
Бұдан былай жұмысшылардың еңбекақысы да өспек. Жалақыны арттыруға және көмір мен мазут алуға кеткен шығын тарифтің өсуіне әкеп соуғы мүмкін. Алайда бұл тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмейді,- дейді мамандар.
Aрман Мәлік, ШҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
- Ремонт жұмыстарының жүргізілмеуі,инвестициялық бағдарламаардың орындалмауына байланысты департаментпен 553 миллион теңге уақытша өтемдік тариф бекітілген. Ол өз кезегінде тарифтің 18 процентке төмендеуіне алып келеді. Қазіргі өсу сол төмендеуден көп болмайды.
Жалпы өлкеде қазір жылу мекемелерінің қыс маусымына әзірлігі қатты тексеріліп жатыр. Жұмыс топтары құрылған. Жылу жүйелері 90%, ал жылу беретін мекемелер 60% дайындықта деген ақпарат бар.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов