Жетісулық шебер Қазақстан халқын аяқ киіммен қамтамасыз етуді көздейді
Жетісулық шебер қазақстандықтарды отандық аяқ киіммен қамтамасыз етсем дейді.
Төлепхан Шора арманына жету үшін аяқ киім тігіп қана қоймай, осы саланы дамыту үшін арнайы оқыту орталығын ашты. Қазір жүздеген шәкірт баулып жүр. Көксу ауданында жеңіл өнеркәсіпті жандандырған кәсіпкер жайлы тілшіміз баяндасын.
Төлепхан Шораның өмірлік мақсаты осы. 2014 жылы атажұртқа қоныс аударған қандасымыз аяқ киім тігуді сол кезде бастайды. Бастапқыда шикізат таппай, ісі жүрмей біраз қиналыпты. Сол қиындыққа мойымай мақсатына жетуге ұмтылған кәсіпкер кейін шеберхана ісін жолға қойды.
Төлепхан Шора, кәсіпкер:
- Бұл менің шынайы отаныма деген сүйіспеншілігім. Және нақты істеп жатқан жұмысым. Біздің Қазақстанда жұмыс жоқ деген бос сөз. Егер жұмыс жоқ деген болса біз 18 сағат жұмыс істемес едік. Күзде келіп көріңіз түнгі бір екіде осында бармыз. Күзде күніне үш жүз мың теңгеге дейін барады шәкірттеріміз.
Аяқ киім шебері жастарды да осы кәсіпке баулып келеді. Тоғыз жылда 400-ден астам жасты тегін тәрбиелеген. Шәкірттері жақын маңдағы аудан, қалалардан бөлек еліміздің өзге облыстарында да еңбек етіп жүр.
Төлеген Үсенхан, шебер:
- Құлжадағы тігіншілерден үш жыл ішінде үйреніп шығасың. Ал Төлепханның ерекшелігі қолма-қол жұмыс беріп, бір ай мен үш ай аралығында аяқ киім жасап шығудың негізін қалап береді ғой. Тиімділігі сол. Өзінің шығына қарамайды. Яғни қисық тіксе Төлепханға шығын ғой. Оған қарамайды.
Шеберлерді дайындайтын орталық ашуға кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның игілігін пайдаланған. Жобасын жүзеге асыруға берілген бір млн теңге грантқа қажетті құрылғылар сатып алыпты. Сөйтіп, жұмысын жандандырып, өнім сапасын арттырған.
Былтыр күзде келгенде мына полкіде аяқ киім жоқ. Қыстық аяқ киім. Ол неге? 100 пайыз дейді ғой. Біздікі жүз жиырма пайыз болып кетті.
Мынаны біз 500 талын жасадық десек ары ғана қырық есе адам сұрап отыр.
Жылына үш мыңнан аса аяқ киім шығаратын кәсіпкер 10 мың шәкірт тәрбиелесем дейді. Сол арқылы еліміздегі аяқ киім өндірісін өркендетуге өз үлесін қоспақ.
Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев